Жаңалықтар

«Абайдың «Толық адам» концепциясы мектеп бағдарламасында» ғылыми — тәжірибелік семинар

Абайдың «Жидебай — Бөрілі» мемлекеттік музей — қорығы және Абай облысы білім басқармасының «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» бірлесіп «Абайдың «Толық адам» концепциясы мектеп бағдарламасында» атты ғылыми — тәжірибелік семинар ұйымдастырды.
Семинардың негізгі мақсаты:
— «Абайтану» курсының өзектілігі арттырудағы пән мұғалімдерінің әдістемесін жетілдіру;
— Оқушылардың «Абайтану» курсы бағдарламасын толық игеруі үшін музей мен оқу орындарының жұмыстарын үйлестіру;
— Музейлік педагогиканы жетілдіруде мектеп мұғалімдерімен өзара тәжірибе алмасу;
— Музей мен білім беру мекемелерінің арасындағы тарихи-мәдени, ғылыми ынтымақтастық орнату, білім беру мекемелері ұстаздарымен жұмыс жасау.
Семинар Абай музейінің директоры Ұ.Сағадиевтің алғы сөзімен ашылды.
Семинар барысында абайтану мәселелеріне байланысты мұғалімдер әр түрлі шеберлік-сағаттарын көрсетіп өз ойларын ортаға салды.
Семинар жұмысына Семей, Аягөз қалаларымен Мақаншы, Үржар, Жарма, Бородулиха, Көкпекті аудандарының мектеп ұстаздары және музей қызметкерлері қатысты.
Іс — шара соңында ғылыми — әдістемелік семинарда баяндама жасаған ұстаздар арнайы сертификаттармен марапатталды.

Жаңалықпен бөлісіңіз