Жаңалықтар

Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы бастау алды

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған шаралардың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Биыл ойшыл ақынның мерейтойымен қатар хакім мұрасын кең көлемде насихаттап, айшықты тұлғасын танытып келе жатқан қара шаңырақ — Абай музейінің 85 жылдық мерейтойы да қатар аталып өтпек.

Осыған орай Абай музейінде мерейтойлардың бастауы ретінде мәдени-танымдық салтанатты шара «Абай әлемдік ойдың алыбы» және «Абай бейнелеу өнерінде» тақырыптарындағы көрмелердің тұсауы кесілді.

Шарада сөз алған Абай облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Сәрсебаев, Абай музейінің директоры Ұлан Сағадиев, Абай облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Алин Абай өңіріне танымал зиялы қауым өкілдері мен мәдениет және өнер мекемелерінің қызметкерлерін Абай тойымен құттықтап, лебізін жеткізді.

Салтанатты шара аясында ҚР Мәдениет саласының үздігі, дәстүрлі әнші Қайрат Қабышев орындауында Абайдың әні «Қараңғы түнде тау қалғып», Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармония әншісі Қайрат Қамидолдин Абайдың әні «Сегіз аяқ» туындысын шырқады.

Жиналған көпшілік Абай атындағы музыкалы-драма театрының «Жаза-Наза» трагедиясынан үзіндіні тамашалады.

Жаңалықпен бөлісіңіз