Абай музейінің көрмесі Ташкент қаласында ашылды
АБАЙ МУЗЕЙІНІҢ КӨРМЕСІ ТАШКЕНТ ҚАЛАСЫНДА АШЫЛДЫ
Өзбекстандағы Абай мұрасы күндері аясында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығының «Абай – туысқан халықтар мұрасы» көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Көрме Өзбекстанның ұлттық бейнелеу өнер галереясында ұйымдастырылды.
Қасиетті қара шаңырақтан Абайдың қолының табы қалған құнды қолжазбалар мен жәдігерлер қойылған көрме Өзбекстан Республикасының Премьер-министр орынбасары Азиз Абдухакимов, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың құттықтау сөзімен ашылды.
Шара барысында театрландырылған «Абай» көрінісі көрсетіліп, барлық қатысушылар көрме тамашалады.