Жаңалықтар

«АБАЙ ӘЛЕМІ ЖӘНЕ ЯСАУИ»

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында 23 шілде күні сағат 11.00 де «Әзірет сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей қорығымен бірлесе отырып ұйымдастырылған «Абай әлемі және Ясауи» атты көрменің ашылуы өтті. Аталмыш шара Семей қаласы ардагерлер кеңесінің бастамасымен ұйымдастырылған «Ұлағатты өлке – Абай, ұлылар мекені – Семей» атты ауқымды акция-челленджімен тұспа-тұс келді. Ашылу салтанатына Семей қаласының құрметті азаматтары мен мәдениет өкілдері және оқушылар қатысып қос ойшылдың хикмет, өлеңдері оқылып, Абайдың әні шырқалды. Сонымен қатар, көрермен назарына Абай Құнанбайұлына қатысты музей қорындағы қолжазбалар, естеліктер, музыкалық аспаптар, фотосуреттер және ғұлама-данышпан Ахмет Ясауидің ғибратты ғұмыры мен өміршең мұрасын айшықтайтын құнды мұралар мен XII–XIX ғасырларға жататын сирек қолжазбалар ұсынылды.

Жаңалықпен бөлісіңіз