Жаңалықтар

«Абай әндерін әуелеткен әнші»       

«АБАЙ ӘНДЕРІН ӘУЕЛЕТКЕН ӘНШІ» Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында дәстүрлі әнші, ҚР мәдениет саласының үздігі, ұлттық өнерімізді ұлықтаушы Нұриден Иманбаевтың 60 жылдық мерейтойына арналған «Абай әндерін әуелеткен әнші» тақырыбында еске алу кеші өткізілді. Шараның ашылу сәтінде сөз алған Абай музейінің директоры, философ-әдебиеттанушы Тұрдықұл Қасенұлы бастаған, әнші жайлы Д.Омарбаева, Н.Аққожина, М.Матанов, С.Жансап, А.Ағыбаев, Ж.Ыбырайымұлы жақсы естеліктерімен бөлісіп, алдағы уақытта атқарылатын шаралар туралы ұсыныстарын айтты. Кеште...

Абай сырына үңілген қаламгер

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында ақын, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, педагог, филология ғылымдарының кандидаты, абайтанушы-ғалым Мұрат Сұлтанбековтың 85 жылдық мерейтойына арналған «Абай ұлағатынан нәр алған қаламгер» тақырыбында кездесу кеші өткізілді. Шараның ашылу сәтінде сөз алған Абай музейінің директоры, философ-әдебиеттанушы Тұрдықұл Қасенұлы "Мұқаңның мерейтойының қара шаңырақта бастау алуы заңды құбылыс" деп ақынның шығармашылығына терең тоқталып өтті. Басқа да зиялы қауым өкілдері әдеби...

Ел Президенті Абай музейінің Өзбекстандағы көрмесін тамашалады

ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ АБАЙ МУЗЕЙІНІҢ ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ КӨРМЕСІН ТАМАШАЛАДЫ Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Өзбекстанға сапары барысында сол елдің Президенті Шавкат Мирзиеевпен бірге Абай мұрасы күндері аясында, ұлттық бейнелеу өнері галереясында ашылған Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығының «Абай – туысқан халықтар мұрасы» көрмесін тамашалады. Бұл көрме – екі ел арасындағы достық пен бауырластық байланыстарды одан әрі нығайтуға бағытталған маңызды қадам.

Абай музейінің көрмесі Ташкент қаласында ашылды

АБАЙ МУЗЕЙІНІҢ КӨРМЕСІ ТАШКЕНТ ҚАЛАСЫНДА АШЫЛДЫ Өзбекстандағы Абай мұрасы күндері аясында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығының «Абай – туысқан халықтар мұрасы» көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Көрме Өзбекстанның ұлттық бейнелеу өнер галереясында ұйымдастырылды. Қасиетті қара шаңырақтан Абайдың қолының табы қалған құнды қолжазбалар мен жәдігерлер қойылған көрме Өзбекстан Республикасының Премьер-министр орынбасары Азиз Абдухакимов, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың құттықтау сөзімен ашылды. Шара барысында...

Абай мұрасы күндері Өзбекстанда

АБАЙ МҰРАСЫ КҮНДЕРІ ӨЗБЕКСТАНДА Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласында Абай Құнанбайұлы мұрасы күндері Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен бастау алды. Салтанатты шара барысында Өзбекстан Республикасының Премьер-министр орынбасары Азиз Абдухакимов, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, Өзбекстандағы Қазақстан Республикасының елшісі Бейбіт Атамқұлов өз лебіздерін білдірді. Сонымен қатар Абай мұрасы күндері аясында республика бойынша ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған шығармашылық кеш, музыкалық кеш,...

«Хат жаздым қалам алып…» көрмесі ашылды

«ХАТ ЖАЗДЫМ ҚАЛАМ АЛЫП...» КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында музей қорында жинақталған хаттар топтамасынан «Хат жаздым қалам алып...» атты көрменің ашылу салтанаты өтті. Шараға зиялы қауым өкілдері, кітапхана, музей мамандары және студенттер қатысты. Қорда сақталған құнды қолжазбалар, жеке тұлғалардың хаттарын көпшілік назарына ұсыну, насихаттау мақсатында ұйымдастырылған көрме Абай атындағы Семей мемлекеттік қазақ музыкалық драма театрының актеры Б.Омашевтің Абай бейнесінде ақынның Мағауияға жазған...

Абай музейі Қазақстан делегациясымен Өзбекстанда

Абай музейі Қазақстан делегациясымен Өзбекстанда 2022 жылдың 12 желтоқсанында Өзбекстан Республикасының астанасы Ташкент қаласында «ХІХ ғасырдағы өзбек және қазақ ойшылдарының дүниетанымындағы ортақ тарихи-мәдени мұраны нығайту және дамыту мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибиелік конференция өтті. Бұл конференцияға Қазақстан Республикасы делегациясының құрамында Абай музейінің директоры Т.Шаңбай, ғылыми жұмыстары жөніндегі орынбасары М.Қайрамбаева, ғылыми қызметкерлер Н.Боранбаев, Г.Кадирсизова болды. Сонымен қатар, Т. Шаңбай “Абай және еркіндік фәлсапасы”...

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Абай музейінде

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Абай облысына жұмыс сапары барысында Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік музей-қорығында болып, музей экспозициясымен танысты.

Абайды ардақтаған жазушы музей-үйі ашылды

АБАЙДЫ АРДАҚТАҒАН ЖАЗУШЫ МУЗЕЙІ-ҮЙІ АШЫЛДЫ ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығының ұйымдастыруымен Абай ауданы Қарауыл ауылында көрнекті халық жазушысы, ұлағатты ұстаз, абайтану мен мұхтартану саласында қалам тербеген дарынды жазушы, Отанын қорғаған майдангер Кәмен Оразалин музей-үйі ашылды. Сексен жылдан астам тарихы бар Абай музейінің жыл сайын қарыштап дамып, жақсы жаңалықтарымен жұртшылықты қуантып келе жатқаны белгілі. Бүгінгі таңда ашылып отырған Кәмен...

«Бай – қуатты болайық!» көрмесі ашылды

«БАЙ – ҚУАТТЫ БОЛАЙЫҚ!» КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында Қазақ телевизиясында 47 жыл қызмет атқарған ардагер журналист Нұртілеу Иманғалиұлының 70 жылдығына арналған «Бай-қуатты болайық!» көрмесінің ашылуы өтті. Ашылу салтанатына Абай облысы Қоғамдық даму басқармасының басшысы А.Садырбаев, Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Н.Тасболатқызы, «Семей» телеарнасының басшысы Х.Советханұлы, филология ғылымдарының докторы А.Еспенбетов, Н.Иманғалиұлының жұбайы Қарлығаш Советбекқызы және зиялы қауым өкілдері мен БАҚ өкілдері...