Музей қараушысы
«Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы» РМҚК-не келесі бос лауазымына:
Шәкір Әбенов музей-үйіне музей қараушысы (1 бірлік) қажет.
(Абай облысы Абай ауданы, Құндызды ауылы)
Біліктілікке қойылатын талаптар:
- жұмыс өтіліне қатысты талаптар қойылмай, жалпы орта білім.
Лауазымдық міндеттері:
- жәдігерлердің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асырады;
- экспозицияларды күнделікті таңғы және кешкі тексеруді жүзеге асырады,
- келушілер үшін музей, музей-қорық ашылудан бұрын сеніп тапсырылған экспозицияны тізім бойынша қабылдап алып, жұмыс аяқталғаннан кейін бөлім жетекшісіне өткізеді;
- этикетаждың бар болуын, музейдегі, музей-қорықтағы температура мен ылғалдылық деңгейін тексереді, кезекші журналға жазбаларды енгізеді;
- музей, музей-қорық бойынша анықталған бұзушылықтар мен ескертпелер журналын жүргізеді;
- анықталған кемшіліктер туралы оларды жою үшін өндірістік персоналға, шаруашылық қызметке жедел хабарлама береді;
- музей заттарының бүлінулерінің, жоғалуы мен ұрлануының алдын алу бойынша шаралар қабылдайды;
- жәдігерлердің сақталуы жағдайын қадағалауды жүзеге асырады;
- әйнектер мен жәдігерлердің толық сақталымын қадағалайды;
- келушілерге қызмет көрсету кезінде қызметтік этикетті сақтайды;
- музей, музей-қорықтың жұмыс тәртібін сақтайды;
- өрт сөндіру құралдарын пайдалану машығын біледі;
- материалдық жауапкершілік туралы шартқа сәйкес өзінің міндеттемелері бойынша жауап береді.
Білуі тиіс:
- ҚР Конституциясын;
- Еңбек кодексін;
- «Мәдениет туралы», «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын.