«Жидебай-Бөрілі»
«Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы»




Абайдың әдеби-мемориалдық музейі ұлы ақынның туғанына 95 жыл толу мерекесі қарсаңында Қазақ ССР Халық Комиссарлар кеңесінің 1940 жылғы 1 сәуірдегі қаулысы бойынша ұйымдастырылып, сол жылы қазан айының 16 күні ашылды.
1940-1944 жылдары музей Бекбай Байысовтың үйінде (Абай көшесі 83, қазіргі Жамақаев көшесі), 1944-1967 жылдары Әнияр Молдабайевтың үйінде (Комиссар көшесі 132, қазіргі Бөгенбай батыр көшесі) орналасады.
1947-1951 жылдары Қазақ ССР Ғылым академиясының құрамына кіреді. 1990 жылғы 5 сәуірдегі №141 Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің қаулысы бойынша Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі болып қайта құрылды.
Қорық-музейдің құрамына: Бас музей кешені, «Алаш арыстары – М.Әуезов» музейі, Абай ауданы Бөрілі ауылындағы М.Әуезовтің музей-үйі, Жидебайдағы Абайдың музей-үйі, 6400 га қорық аймағына кіретін ескерткіштер мен тарихи орындар, Абай ауданында Құндызды ауылындағы халық ақыны Шәкір Әбенұлы және Үржар ауданы, Мақаншы ауылындағы Әсет Найманбайұлының музейлері кіреді.
Қалалық кешен құрамына: Мәңгілік ел көшесі, 12 үйде орналасқан көпес үйі, 1995 жылы салынған күмбезді ғимарат, 1993 жылы кешен аймағына көшірілген Ахмет Риза медресе-мешіті, музейдің әкімшілік үйі кіреді.