«Ертістің арғы жағы, бергі жағы…»
Ақын Төлеген Жанғалиевтің «Ертістің арғы жағы, бергі жағы...» атты жаңа жыр жинағының тұсауы кесілді. Абайдың қасиетті қара шаңырағында бүгін Шыңғыстаудың төрінен, ұлылардың елінен келген Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, ақын Төлеген Жанғалиевтың «Ертістің арғы жағы, бергі жағы...» атты жаңа жыр жинағының тұсауы кесілді. Былтырғы жылы ақынның 70 жас мерейтойы қауіпті індеттің кесірінен тойланбай қалған...