Автор - admin

«Жидебай» қорығы қызметін қамтамасыз ету бөлімінің экскурсия жетекшісі (1 бірлік) қажет

«Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы» РМҚК-не келесі бос лауазымға: «Жидебай» қорығы қызметін қамтамасыз ету бөлімінің экскурсия жетекшісі (1 бірлік) қажет. (Абай облысы Абай ауданы, Жидебай елді мекенінде орналасқан) Экскурсия жетекшісінің лауазымдық міндеттері: экспозициялар, көрмелер, ашық сақтау қорлары мен музей нысандарына экскурсиялар жүргізеді; ішкі тәртіп актілері мен әдіскердің ұсыныстарына сәйкес экскурсияларға қосымшалар мен өзгерістер енгізеді;  экскурсиялар өткізу әдістемесін жетілдіру жұмыстарын жасайды; мәдени-ағартушылық іс-шаралардың ұйымдастырылуы...

Выписка из протокола конкурсной комиссии на должность директора

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі  Мәдениет комитетінің «Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының бос лауазымына орналасуға жарияланған конкурс комиссиясының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі хаттамасынан  ҮЗІНДІ Конкурс комиссиясы Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 318 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі оны Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі етіп қайта құру жолымен қайта...

«Алаш арыстары – Мұхтар Әуезов»

15 маусым күні ҚР Мәдениет және Спорт министрлігі Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында «Алаш арыстары – Мұхтар Әуезов» музейінің жаңа экспозициясы ашылды. Бұл музей еліміздегі Алаш қозғалысы мен Семей қаласында ту тіккен Алаш аяулыларының өмірі мен шығармашылығын, ұлт азаттығы жолында опат болған ерлердің тарихқа толы тағдырын насихаттап, толымды мағлұмат беретін бірден бір орын. Музей 1997 жылы қыркүйек айында ашылып, еліміздегі Алаш қозғалысына...

«XXI ғасырдағы музей маманы: кәсіби біліктілік пен мансап» атты біліктілікті арттыру курсы өтті.

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында 2023 жылғы наурыздың 28-29 күндері музей мамандарына арналған «XXI ғасырдағы музей маманы: кәсіби біліктілік пен мансап» атты біліктілікті арттыру курсы өтті. ҚР Ұлттық музейінің мамандары ұйымдастырған біліктілікті арттыру курсына ҚР Мәдениет және спорт министірлігі Мәдениет комитетіне қарасты Абай музей-қорығының мамандары мен Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Семей қаласының облыстық тарихи...

Тылсым сырына үңілген «Терме» көрмесі

Қазақстан Республикасының 30 жылдық мерейтойы аясында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде Қазақстан Суретшілер Одағының Семей қаласы бойынша төрағасы, суретші Төлеуғазы Жұбанышевтың «Терме» көрмесінің ашылуы өтті. ҚР Суретшілер одағының және ҚР Дизайнерлер одағының мүшесі, қыл қаламның сырына үңілген суретші Т.Жұбанышев еліміздің рухани ордасы Абай музейімен шығармашылық байланыста етене жақын жұмыс атқарып, музей ұйымдастыратын суретшілер симпозиумдеріне белсене қатысып келеді. Суретшінің музей қорында «Көкбай ақын» портреті, «Бөрілі»...

Музей күніне арналған шаралар бастау алды

Абай музейінің құрылғанына 81 жыл МУЗЕЙ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ШАРАЛАР БАСТАУ АЛДЫ Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қоры-музейінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған және ақын музейінің құрылған күніне орай «Абай музейі және ұлы дала тарихының жазба мұралары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының директоры А.Жарахметова, орталықтың бас сарапшысы А.Баймағамбетова, Шәкәрім атындағы университетінің басқарма мүшесі – әлеуметтік және тәрбие жұмысы...

15 қазан Абай музейінің құрылған күніне орай өтетін іс-шаралар бағдарламасы

11:00 – Абай музейі Нұр-Сұлтан қаласы қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығымен бірлесіп «Абай музейі және ұлы дала тарихының жазба мұралары» тақырыбында дөңгелек үстел; 11:40 - Филология ғылымдарының кандидаты Мұрат Тілегенұлы Иманжапардың «Сапарғали Әлімбетов шығармалары» кітабының тұсаукесер салтанаты; 12:00 - ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Нұр-Сұлтан қаласы қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығының «Ұлы дала тарихының жазба мұралары» атты көрмесінің ашылуы; 15:00 -...

Абай мұрасы Солтүстік Қазақстанда насихатталды

30 қыркүйек күні Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, "Абылай хан резиденциясы" музей кешенінде Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған «Адамзаттың Абайы» атты жылжымалы көрме ұйымдастырды. Салтанатты шараға Петропавл қаласының мәдениет басқармасы, М.Қозыбаев атындағы университет оқытушылары мен ғалымдар, студенттер және қалалық, облыстық БАҚ өкілдері қатысты. Қалалық филармония әнші және бишілерінің сүйемелдеуімен салтанатты шара...

“Заманның заңғар жазушысы”

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде 28 қыркүйек күні жазушы, ғұлама ғалым, драматург М.Әуезовтің туған күніне орай «Заманның заңғар жазушысы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Жазушы Абайдың өмірі мен шығармашылығы жайлы жазу арқылы қазақ халқының өмірлік энциклопедиясын әлем әдебиетіне танымал етті. Қазіргі қазақ прозасы М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясымен дүниежүзі әдеби классикасының шырқау шыңына шықты. Музей кітапханасында жазушының әр жылдары баспадан жарық көрген «Абай жолы» роман-эпопеясы және осы шығарманың шет тілдердегі аудармалары ,...

Алашты ардақтаған ұлы есім

28 қыркүйек күні жазушы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туған күніне орай Бөрлідегі музей ұжымы М.Әуезов атындағы орта мектебінің 10-11 сынып оқушыларымен, кітапханашы А.Сабырбекова, З.Даутовамен бірлесіп кеш өтті. Кеште оқушылар «Абай жолы» романынан, «Қорғансыздың күні» әңгімелерінен үзінде оқып, жазушыға арналған кітап көрмесін тамашалады. Кеш соңы ән мен күйге ұласты.