Абай музейінде бүлдіршіндерге арналған байқау өтті
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығы және Семей қаласының білім бөлімі ұйымдастырған мектеп жасына дейінгі балалар арасында «Әсемпаз болма әрнеге…» байқауы дәстүрлі түрде сегізінші рет өткізілді.
Сайыс қорытындысы бойынша келесі тәрбиеленушілер:
І-орынды №1 «Арман» бөбекжайы – Болат Марьям,
ІІ-орынды «Немере» балабақшасы – Қайрат Айзере, «№9 «Айгөлек бөбекжайы» – Мұхтарова Аянұр,
ІІІ-орынды «№4 «Балдәурен» бөбекжайы» – Файзулла Артур, «Асыл-Жібек» шағын орталығы – Самалғажы Айғаным, «Наруто» шағын орталығы – Ахметуалитова Ақнұр иеленді.
Байқаудың қазылар алқасы құрамында Абай музей-қорығы директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Қайрамбаева Мейрамгүл Сейтжапарқызы, Семей қаласы Білім бөлімінің әдіскері Тоқтарова Бақытгүл Кеңесқызы, Халықаралық айтыс ақындары, жыршы-термешілер одағы Абай облыстық филиалының төрағасы Дәулет Сметов болды.
Жеңімпаздар мен қатысушылар дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.