Жаңалықтар

«Жидебай» қорығы қызметін қамтамасыз ету бөлімінің экскурсия жетекшісі (1 бірлік) қажет

«Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы» РМҚК-не келесі бос лауазымға:
«Жидебай» қорығы қызметін қамтамасыз ету бөлімінің
экскурсия жетекшісі (1 бірлік) қажет.
(Абай облысы Абай ауданы, Жидебай елді мекенінде орналасқан)

Экскурсия жетекшісінің лауазымдық міндеттері:
экспозициялар, көрмелер, ашық сақтау қорлары мен музей нысандарына экскурсиялар жүргізеді; ішкі тәртіп актілері мен әдіскердің ұсыныстарына сәйкес экскурсияларға қосымшалар мен өзгерістер енгізеді;  экскурсиялар өткізу әдістемесін жетілдіру жұмыстарын жасайды; мәдени-ағартушылық іс-шаралардың ұйымдастырылуы мен өткізілуіне, әдістемелік ұсынымдарды даярлауға және экскурсия бойынша ұсынымдар тыңдауға қатысады.

Білуі тиіс:
Конституцияны; Еңбек кодексін; «Мәдениет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын;   өз мамандығының ерекшелігін ескере отырып, мәдениет тарихын, этнография мен археологияны, музей ісіне байланысты жетекші материалдарды, ғылыми-ағартушылық жұмыс мәселелері бойынша жаңа зерттеулер мен әдістемелік әдебиеттерді, экскурсия мен дәрістердің тақырыбын, отандық және шетелдік музейлер экскурсияларының, дәрістік жұмыстарының озық тәжірибесін.

Біліктілікке қойылатын талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейлі маман:
санаты жоқ: жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе бизнес, басқару және құқық және/немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика және/немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және/немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс саласы және/немесе қызметтер бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім.

Үміткер тұлға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
2) білімі туралы құжаттардың көшірмелері (қосымшалармен);
3) еңбек кітапшасының (ол болмаған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері немесе жұмыскердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған архивтік анықтама;
4) жеке куәліктің көшірмесі;
5) адамның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәлімет (кандидатпен EGOV арқылы алынады).

Құжаттарды қабылдау хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған сәттен бастап 15 (он бес) күн ішінде 2023 жылғы «27» қыркүйектен бастап 2023 жылғы «11» қазанға дейін жүргізіледі.

Ниет білдірген тұлғалар осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде төмендегі мекенжайға хабарласып тиісті құжаттарын ұсынуы қажет:
Абай облысы, Семей қаласы, Қ.Мұхамедханов көшесі, 29
Телефон: 8 (7222) 32-17-01; 87222 36-06-35;

Жаңалықпен бөлісіңіз