«БІЗГЕ КЕРЕК АБАЙ-ӨЛЕҢ, АБАЙ-ЖЫР…»
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында ақын, жазушы, драматург, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ҚР Мәдениет қайраткері Айбек Сапышевтың 70 жылдығына арналған «Бізге керек Абай-өлең, Абай-жыр...» атты еске алу әдеби-сазды кеш өтті. Айбек Сапышевтың өмір жолы Абай музейімен тығыз байланысты. Дарынды ақын 1984-1987 жылдары аралығында Абай шаңырағында ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер лауазымдарын атқарған. Әдеби-сазды кеш Абай музей-қорығының директоры Ұ.Сағадиев...