Берекелі Бесқарағайға сапар
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің директоры Т.Шаңбай мен әкімшілік-шаруашылық жұмыстар жөніндегі орынбасары Н.Райстанов Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Бесқарағай ауданына арнайы барып қайтты. Берекелі Бесқарағайға Абай музейі басшыларының баруының өзіндік мәні бар. 2020 жылы адамзат баласы пандемия сияқты ауыр жағдайларды бастан кешіргенімен, Қазақ елінде әлем көз тіккен қуаныштар аз болмады. Сол қуаныштардың ішіндегі бірегейі хакім Абайдың 175 жылдық мерейтойы. Мемлекет Басшысы...